Алматы метросында пойыздар жиі қатынай бастады

695

Қозғалыс аралығы 7 минутқа дейін қысқарады.

Алматы метросында пойыздар жиі қатынай бастады

Алматы метросында пойыздардың қозғалыс аралығы 7 минутқа дейін қысқарады, деп хабарлайды inbusiness.kz "Метрополитен" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Өзгеріс 3 қарашадан бастап енгізілген.

"Жолаушылар ағынының ұлғаюы және жолаушылардың көптеген өтінішіне байланысты халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Алматы қаласының метрополитенінде пойыздар қозғалысының аралығы қарбалас уақытта 10 минуттан 7 минутқа дейін қысқарады", – деп жазылған ресми хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу