Алматы метросында төбелескен 2 жас жігіт айыппұл арқалады

450

Сот шешімімен олардың әрқайсына 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынды.  

Алматы метросында төбелескен 2 жас жігіт айыппұл арқалады Фото: Видеодан скриншот

Жолаушылардың арасындағы жанжал пойыз ішінде басталып, кейін сыртқа шығып станцияның платформасында жалғасқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тәртіп сақшыларының жедел араласуы нәтижесінде жанжалдасқан 2 ер адам ұсталып, оларға қатысты жиналған материалдар сотқа жолданды.

Сот істі қарау қорытындысы бойынша құқық бұзушыларды "ұсақ бұзақылық" жасағаны үшін айыпты деп танып, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Енді олардың әрқайсысы мемлекет пайдасына 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл төлейді.

Полиция департаменті қоғамдық көліктегі кез келген агрессия көріністері мен қоғамдық тәртіпті бұзу әрекеттері ерекше бақылауда екенін қатаң ескертті.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, жолаушылардың арасында екеуара жанжалдың қандай жағдайда болғанына қарамастан, олардың әрекетіне міндетті түрде құқықтық баға беріліп, кінәлілер заң аясында жауапқа тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу