Алматы метросында жолаушылардан кастетке ұқсас заттар тәркіленді

100

Екі жолаушы да мән-жайды анықтау үшін бірден полицияға тапсырылды.

Алматы метросында жолаушылардан кастетке ұқсас заттар тәркіленді Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Оқиғалар "Бауыржан Момышұлы" және "Жібек жолы" станцияларында тіркелген. 

Алматы метросында бір күнде екі жолаушының сөмкесінен кастетке ұқсас заттар табылып, осы жағдайларға байланысты қылмыстық істер қозғалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жолаушылардың сөмкелері рентген аппараты арқылы тексерілген кезде күдік тудырған заттар анықталған.

Қазір әр оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Полицейлер табылған заттардың суық қаруға жататынын және оқиғаның өзге де мән-жайын анықтауға кірісті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу