Алматы метросында жолаушының сөмкесінен оқ-дәрі табылды

668

Жолаушы бірден ұсталып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Алматы метросында жолаушының сөмкесінен оқ-дәрі табылды Фото: Видеодан скриншот

Алатау станциясында жолаушының сөмкесін тексеру кезінде 5,45 миллиметр калибрлі екі оқ-дәрі анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Көлік қауіпсіздігі қызметімен бірлесіп, рентген құрылғысы арқылы жүргізілген тексеріс барысында сөмкеден екі патрон тәркіленді. Жолаушы ұсталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Бостандық ауданының полиция қызметкерлеріне тапсырылды", – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу