Алматы метросының екі жаңа бекеті қашан іске қосылады

829

Алматыда "Сарыарқа" және "Б. Момышұлы" бекеттерінің аралық тоннельдерін әрлеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Алматы метросының екі жаңа бекеті қашан іске қосылады

Метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезегі учаскесінің трассасы Абай даңғылының астында, Алтынсарин даңғылынан Яссауи көшесіне дейін батыс бағытта орналасқан. Құрылыс ұзындығы екі бағытта 3,08 шақырымды құрайды. 

"Екінші іске қосу кешенінің жалпы дайындығы 91%. Бүгінде темір-бетон конструкцияларының құрылысы, аралық тоннельдерді қазу аяқталды, сәулет-әрлеу жұмыстары, жолдың жоғарғы құрылысы аяқталып қалды. Қалған жұмыстарға инженерлік желілерді төсеу және жабдықты іске қосу кіреді. Бүгінде орташа тәуліктік жолаушылар ағыны 30 мың адамды құрайды. Мамандардың есептеуі көрсеткендей, екінші іске қосу кешені пайдалануға берілген соң орташа тәуліктік жолаушылар саны шамамен 86 мың адамға жететін болады. Бұл Абай даңғылындағы көлік қозғалысын едәуір жеңілдетуге және мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтарының мобилділігін арттыруға мүмкіндік береді", – деп жазылған әкімдік таратқан хабарламада. 

"Сарыарқа" бекеті – вестибюльден, екі кіру тобынан тұрады. 2 Лифт, 8 эскалатор орнатылды. Ол "Фэмили" саябағының жанына, №3-8, 12 шағын аудандары бар, яғни қаланың халық саны көп шоғырланған бөлігінде орналасқан. 

"Б. Момышұлы" бекеті – екі жерасты вестибюльінен, алты кіру тобынан тұрады. 6 лифт, 15 эскалатор қарастырылған. Абай даңғылының астында, Момышұлы көшесінің батысында орналасқан. Бекет Жетісу, Жетісу-2, Жетісу-4, Мамыр, Мамыр-5, Мамыр-7 шағын аудандарын қамтиды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу