Алматы метросының II және III желілері жобаланып жатыр

328

Бұл туралы "Алматыбасжоспар" ҒЗИ бас директоры Асхат Садуов айтты.  

Алматы метросының II және III желілері жобаланып жатыр Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Қазіргі таңда бірінші желіні ұзарту жұмыстары да жалғасып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Әзірге, бірінші желі 11 станциядан тұрады. Ол батысқа қарай "Қалқаман" және "Барлық" бағытына, ал шығысқа қарай "Алматы-1" вокзалына дейін ұзартылмақ. Жоба іске асса, желінің ұзындығы 29,2 шақырымға, станциялар саны 20-ға дейін жетеді.

"Біздің міндет – транспорттық хабтарды байланыстырып, сол жерлерден жолаушылар ағынын алып кету. Екінші, "көк" желі "Жібек жолы" станциясынан Алматы әуежайына дейін барады. Бұл бағыттың техникалық-экономикалық негіздемесі дайын, қазір әуежаймен станцияның орналасуы бойынша келіссөз жүріп жатыр. Үшінші, "жасыл" желі "Қазақфильм" ауданынан басталып, "Сайран" арқылы Алатау қаласына дейін созылады", – деді Асхат Садуов.

Ал, метро құрылысының баяулауына тоннель қазатын техниканың жетіспеуі себеп болып отыр.

Осыған байланысты жаңа желілердің құрылысын шетелдік мердігерлерді тарту мәселесі саралануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу