Бұған дейін аталған қызмет түрлері қолжетімді болған. Мәселеге байланысты Алматы метрополитені ресми түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Алматы метросында "Оңай" QR-коды арқылы төлем пилоттық режимде сынақтан өткен. Тестілеу кезінде QR-кодты қабылдау процесінің баяу жүретіні анықталды, бұл әсіресе қарбалас уақытта кезектердің пайда болуына себеп болды. Сол себепті QR-код арқылы төлем функциясы жүйенің тұрақтылығын арттыру және техникалық жетілдіру жұмыстары аяқталғанға дейін уақытша тоқтатылды", – деп хабарлады метро әкімшілігі.
Қазір жолаушылар метроға тек "Оңай" картасы немесе қолма-қол төлем арқылы өте алады.