Ақпан айынан бастап Алматы музейі жаңа жұмыс кестесіне көшеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Енді музей сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 10:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Дүйсенбі санитарлық күн болып саналады.
Жұмыс кестесіндегі өзгеріс музейге жұмыстан немесе оқудан кейін келуге ыңғайлы болу үшін енгізілді.
Алматы музейі – Жетісу өңірінің тарихи-мәдени мұрасын жан-жақты таныстыратын ірі мәдени орталық. Алматы қаласының тарихын көне дәуірден бүгінгі күнге дейін қамтитын музейдің экспозициялық кеңістігі 11 залдан тұрады.
Алматы музейінің мекенжайы: Қабанбай батыр көшесі, 132.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу