Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында алтын құймаларға деген сұраныс жоғары

595

2022 жылдың сәуір айында екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 61,3 кг 3 698 өлшемдік құйма сатылған, бұл наурыздағы көрсеткішпен салыстырғанда 55,3%-ға аз, деп жазады inbusiness.kz

Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында алтын құймаларға деген сұраныс жоғары

Ұлттық банк хабарламасынан наурызда сатылымның ұлғаюына қаржы нарығындағы белгісіздік пен құбылмалылық себеп болғаны,  халық қолдағы жинағын сақтап қалу үшін баламалы құрал ретінде алтынға инвестициялауға мүдделі болғаны көруге болады.  Сәуірде валюта нарығындағы жағдайдың тұрақтануына байланысты құйма сатылымының төмендегені байқалды. Дегенмен өлшемді құймаларды сату көлемі 2021 жылғы орташа айлық сату көлемінен 37,3%-ға жоғары (2 694 дана) болды.

Еске салар болсақ, Ұлттық Банк халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 3,1 тоннаға жуық 91 229 алтын құйма сатылды.

Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу