Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасына жаңа басшы келді

658

Алматы облысы әкімінің өкімімен Дәулет Шайтұрсын облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

 Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасына жаңа басшы келді Фото: gov.kz

Дәулет Шайтұрсынұлы 1988 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген, білімі жоғары.

2008 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2022 жылы Тұран университетін бизнес және басқару магистрі мамандықтары бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2008 жылы "ҚызылордаОтын" ЖШС директорының көмекшісі лауазымынан бастаған.

Қызылорда облыстық филармониясының бас әкімшісі, Қызылорда облысы әкімі аппаратының инспекторы, Алматы қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің бас инспекторы, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысы, аталған аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу