Алматы облысы әкімінің орынбасары болып Рауан Рақымбеков тағайындалды

617

Бұл туралы inbusiness.kz хабарлайды Алматы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы облысы әкімінің орынбасары болып Рауан Рақымбеков тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Рауан Тұрданғазыұлы Рақымбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Рақымбеков Рауан Тұрданғазыұлы 1980 жылы туған. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін 2001 жылы "Экология және табиғат пайдалану" және 2008 жылы "Қаржы" мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2002 жылы "Қайнар" ААҚ моноблок құю цехінің қоймашысы болып бастаған, кейіннен қайта құю корпусының шебері болып жұмыс істеген. Әр жылдарда "Талдықорған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінде жетекші маман, Талдықорған қаласы әкімінің кеңесшісі, Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округінің әкімі, Текелі қаласы әкімінің орынбасары, Қаратал және Ескелді аудандарының әкімі болып қызмет еткен.

2021 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

"Ерең еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу