Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына түсті

82

Қазір оның жағдайы тұрақты. 

Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына түсті Фото: gov.kz

Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол апатына ұшырады. Бұл ақпаратты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жол апаты Төңкеріс – Байсерке тас жолында болған. Оқиғаның нақты мән-жайы белгісіз.

Облыстық полиция департаменті жол апаты бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.

"Тергеу жүргізіліп жатыр. Жол қозғалысына қатысушыларды жол ережесін қатаң сақтауға, әсіресе түнгі уақытта және қала сыртындағы күре жолдарда аса мұқият болуға шақырамыз", – делінген хабарламада.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Әсет Масабаевтың жағдайы тұрақты, есін біледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу