Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

545

Алматы облысы әкімінің өкімімен Бота Серікқызы Елеусізова Алматы облысы ішкі саясат басқармасы басшысының лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды Фото: gov.kz

Бота Серікқызы 1975 жылы дүниеге келген.

1998 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 2004 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтын аяқтаған.

Еңбек жолын 1992 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында "Надежда" агроөндірістік фирмасында бастаған.

Мемлекеттік қызметті 2002 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Түрген селолық округі әкімі аппаратының маманы лауазымынан бастаған.

Әр жылдары осы округтің әкімінің орынбасары, әкімі болып еңбек еткен.

2019 жылдан Кеген ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Осы жылдың қазан айынан бастап облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу