Алматы облысы ПД бастығы орынбасарының үйі мен жұмысын тінту: полиция мәлімдеме жасады

565

Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахмановты тінту туралы ақпаратына полиция түсініктеме берді.  

Алматы облысы ПД бастығы орынбасарының үйі мен жұмысын тінту: полиция мәлімдеме жасады Фото: exk.kz

Ақпаратқа Алматы облысы Полиция департаменті түсініктеме берді.

"Қылмыстық іс басқа құқық қорғау органының іс жүргізуінде. Осы іс аясында Р.Әбдірахмановтан куәгер ретінде жауап алынды. Қазіргі  уақытта қызметте, шеттетілмеген", – деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 19 желтоқсанда Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахмановтың тұрғылықты жері мен жұмысы бойынша жүргізілген тінту жұмыстары туралы Ербол Еділов Telegram арнасында хабарлаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу