Алматы облысы тұрғындарының салық берешегі қанша?

653

23-25 желтоқсан күндері Алматы облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бастамасымен азаматтардың салық берешегін тексеру шарасы өтті.  

Алматы облысы тұрғындарының салық берешегі қанша? Фото: egemen.kz

Іс-шара облыстық Ішкі істер департаменті және Жеке сот орындаушылар палатасымен бірлесе ұйымдастырылды. Бастама аясында "Борышкер" рейдтік іс-шарасы Іле және Талғар ауданы маңындағы республикалық маңызы бар күре жолдың бойында өткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Егеменге сілтеме жасап.

Шара аясында көлік құралдарының салығын төлемеген жеке тұлғалардың автомобильдері жеке сот орындаушысының қаулысымен айып тұрақтарына қойылды, салықтарын төлеуге міндеттелді.

Қазір Алматы облысы бойынша 35 461 жеке тұлғаның 2,1 млрд теңге салыққа берешегі бар. Жыл басынан бері жеке сот орындаушыларына  1,3 млрд теңгеге 42 217 салық бұйрығы шығарылды.

Өткен жылдарда қарызы бар жеке тұлғаларды қоса алғанда жыл басынан бері 153 690 жеке тұлғадан 2,6 млрд теңге салық өндірілді. Қазір осы бағытта заңға сәйкес мәжбүрлеп өндіріп алу жұмыстары жалғасып жатыр.

Облыс бойынша 2021 жыл үшін 2022 жылы 150 217 жеке тұлғалардың 442 165 автокөліктеріне 6,5 млрд теңге есептелді.

Бүгінгі таңда облыс бойынша жергілікті бюджетке 6,2 млрд теңге түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу