Алматы облысына жаңа басшы келді

1361

Алматы облысына жаңа басшы келді

Осыған дейін бес жыл бойы облыс әкімінің орынбасары міндетін атқарған Серік Тұрдалиев өз еркімен жұмыстан босап, оның орнына Алматы, Жамбыл, Павлодар облыстарында маңызды қызметтер атқарған Жеңіс Тұяқов келді. Көпшілікке жаңа басшыны облыс әкімі Амандық Баталов таныстырды, деп хабарлайды abctv.kz.

Серік Тұрдалиевтың өз еркімен жұмыстан кетінін туралы ақпараттан жетісулықтар осыған дейін де хабардар болатын.

Ол бұл жайында Фейсбук желісіндегі парақшасына жазған еді: "Биыл Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалғаныма 5 жыл толды. Әрине, бұл – аз уақыт емес. Осы жылдар ішінде тәжірибе жинақтадым. Көптеген жұмыс атқарылды. Бірақ әр нәрсенің өз уақыты бар және жаңа көзқарас қажет. Сондықтан басшылықтан мені өз еркіммен жұмыстан босатуды сұрандым", – деген болатын.

Оның өтінішін облыс басшылығы да құп көріпті. Сонымен Серік Мелісұлы шып-шырғасын шығармай басқарып келген саланы ары қарай сәтті жалғастыратын басшыны іздестіріп көргенде таңдау Жеңіс Шылбынұлына түсіпті.

"Жетісудың тумасы. Облысымызда бірқатар лауазымды міндет атқарған, "KEGOK", "КОРЭМ", "ТАТЭК" ұлттық компанияларында басқарушылық лауазымдарда болған, сондай-ақ, Жамбыл және Павлодар облыстарында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарған Жеңіс Шылбынұлы өңіріміз үшін де аянбай тер төгіп, ерінбей еңбек ететініне сендік. Сонымен ҚР президент әкімшілігінің рұсатын ала отырып, осы лауазымды міндетке тағайындадық", – дейді облыс әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу