Алматы облысында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша кеңес беретін 9 орталық құрылады

1772

Алматы облысында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша кеңес беретін 9 орталық құрылады

Биыл "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша жетісулық 928 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Алайда, осы мүмкіндіктен игіліктену жолын  түсінбеген жұрт жеңілдіктен қағылып қалып жатыр.

"Былтыр жыл соңында "Қазақстан тұрғынүй құрылыс жинақ банкі" АҚ мен "Бәйтерек деволопмент" Ақ арасындағы кредиттік тұрғын үйді іске асыру ынтымақтастық келісімшартына орай Талдықорған қаласында салынатын 256 пәтерлі 12 қабатты тұрғын үйге байқау жарияланып, оған банк салымшыларынан 785 адам өтініш білдірген. Байқаудан өткен 256 салымшы биыл қоныстойын тойлайды деп күтілуде. Қалғандары "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыстық әкімдік пен "Қазақстан тұрғынүй құрылыс жинақ банкі" АҚ арасындағы ынтымақтастық меморандумы бойынша салынатын 672 пәтерлі үйдің тұрғыны атана алады. Бұл үйлердің алғашқы пәтерлері наурыз айында ел игілігіне тапсырылмақ", – "Қазақстан тұрғынүй құрылыс жинақ банкі" АҚ Алматы облыстық филиалының директоры Ғалымжан Шалғымбаев.

Осы тұста, "Бәйтерек"ҰБХ" АҚ "Қолдау" банктік өнімдері аясында коммуналдық тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды қолдау бойынша жеңілдіктер енгізілгенін айта кеткен жөн. Бұл банктің шарттық сомасы 15 млн теңгеден аспайтын салымын тегін ашуға және ең төменгі мөлшерлемедегі тұрғын үй зайымдарын алуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, жаңа бастама жинақтау сатысының алғашқы кезеңінде тұрғандардың қолжетімді бағамен баспана алуына көмектеседі.

"Алайда, бүгін осы жеңілдікті түсінбейтін тұрғындардың саны көп. Сондықтан оларды банк жеңілдіктерінен хабардар ету үшін облыс бойынша 9 кеңес беру орталығын ашылды. Олар Қапшағай қаласында, Іле ауданының Өтеген батыр кентінде, Панфилов ауданының Жаркент қаласында, Көксу ауданы Балпық би ауылында, Алакөл ауданы Үшарал қаласы мен Достық стансысында, Алматы қаласындағы Апорт сауда орталығында және Талдықорған қаласында орналасқан. Алдағы уақытта осындай орталық Жамбыл ауданының Ұзынағаш және Райымбек ауданының Кеген ауылдарында ашылмақ",  – дейді Ғалымжан Дәулетжанұлы.

Осы орталықтарда тұрғындар банктің салымшысы ретінде кеңес алып, депозит аша алады, несиені төлеу қызметтерін де пайдаланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу