Алматы облысында "Таблиғи жамағат" ұйымының белсенді жақтастары сотталды

1255

Алматы облысында "Таблиғи жамағат" ұйымының белсенді жақтастары сотталды

Бүгін Жамбыл аудандық соты "Таблиғи жамағат" діни экстремистік ұйымының қызметін іске асырған 5 адамға үкім шығарды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

С. Ерімбетов - 3 жылға, А.Абдуллаев - 2,5 жылға, П. Ғафуров - 2 жылға, О.Қоштыбаев және А. Байтұрынов - 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.  Аталған тұлғалар еліміздің және Алматы облысының аумағында  таблиғи жамағат діни экстремистік ұйымының қызметіне қатысушы тұлғалардың санын арттыру, оның идеологиясын үйрету, тарату және ұйым жұмысының жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында заңсыз миссионерлік іс-әрекеттерді  жүзеге асырған.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы 26 ақпанда Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында  "Таблиғи жамағат" ұйымы экстремистік деп танылып, оның қызметіне Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынды. Аталған  ұйым  Қазақстаннан өзге Өзбекстан және Ресей елдерінде де экстремистік ағым деп танылып, қызметіне тыйым салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу