Алматы облысында 1 млн-нан астам ағаш отырғызылмаған

319

Табиғатты қорғау прокуратурасының мәліметінше, соңғы жылдары өңірде 100 мыңнан астам ағашты кесуге 307 рұқсат берілген.  

Алматы облысында 1 млн-нан астам ағаш отырғызылмаған Фото: gov.kz

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында облыстың Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы ағаштарды өтемдік отырғызу кезінде заңнама талаптарының орындалуына талдау жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ең көп заңбұзушылық Еңбекшіқазақ ауданында тіркелген. Мұнда 120 рұқсат негізінде 63 мыңнан астам ағаш кесілген, алайда олардың орнына отырғызылуы тиіс көшеттер толық егілмеген. Прокуратура араласқаннан кейін 150 мыңға жуық ағаш отырғызылды.

Сонымен қатар 11 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Қазір облыстың жасыл қорына толық түгендеу жүргізіліп жатыр. Прокуратура өтемдік ағаш отырғызу міндеттемелерінің орындалуын бақылауды күшейтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу