Алматы облысында 100 келі мефедрон тәркіленді

147

Алматы облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері Бас прокуратураның бірінші қызметімен бірлесіп, өнеркәсіптік ауқымдағы есірткі зертханасын жойды.  

Алматы облысында 100 келі мефедрон тәркіленді Фото: polisia.kz

Есірткі өндірісі Талғарда орналасқан фермалардың бірінде ұйымдастырылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тінту кезінде 8 тоннадан астам прекурсор мен 100 келі дайын өнім, мефедрон тәркіленді.

Осылайша, жалпы сомасы 3 млрд теңге болатын синтетиканың екі жүз мыңнан астам бір реттік дозасы заңсыз айналымға жіберілмеді.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті есірткі құралдарын дайындағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза барын ескертеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу