Алматы облысында 12 жастағы қызды зорлады деген күдікпен жасөспірім ұсталды

170

Полиция аталған істің тергеу барысы облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Алматы облысында 12 жастағы қызды зорлады деген күдікпен жасөспірім ұсталды Фото: Pixabay.com

Әлеуметтік желілерде Алматы облысының Ынтымақ ауылында 12 жастағы қыздың зорланғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Күдікті – кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түріндегі шара қолданылды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, күдіктінің заңды өкілдері кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу