Алматы облысында 150 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

134

Тексеру барысында жалпы аумағы 150 мың гектар жер телімі тұрғын-ойын-сауық кешенін және зоологиялық паркті орналастыруға берілгені анықталды.

Алматы облысында 150 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды Фото: canva.com

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Алматы облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті Қонаев қаласы әкімдігінің қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оған жер телімдерін беруге қатысты мәселелер негіз болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алайда жер беру кезінде Жер кодексінің талаптары бұзылған. Атап айтқанда, жер телімін бөлу қала бас жоспарының ережелеріне қайшы келген.

Қонаев қаласы әкімдігіне берілген нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған.
Осыған байланысты прокуратура Қонаев қаласының сотына талап арызбен жүгінді. Сот талқылауы барысында Жер ресурстарын басқару департаментінің өкілдері үшінші тарап ретінде қатысып, анықталған бұзушылықтар бойынша түсіндірме берді.

Істі қарау қорытындысы бойынша сот талап арызды толық қанағаттандырды. Сот шешімімен коммерциялық мақсаттағы жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу