Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

310

Аймақта "Алатау аманаты" жобасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.    

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді Фото: alataunews.kz

Жоба шеңберінде Қастек шатқалынан бастап Шарын ұлттық табиғи паркінің аумағына дейінгі ұзындығы 1500 шақырымнан асатын туристік маршрут кешенді түрде зерттелді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Зерттеу барысында табиғи нысандар, тарихи-мәдени көрікті жерлер, инфрақұрылым мүмкіндіктері толық қамтылып, қауіпсіздік талаптары ескерілді.

Нәтижесінде маршруттар жүйеленіп, 2GIS, Yandex Maps және Google Maps секілді цифрлық платформаларға енгізілді.

Жоба туристерге сапарды оңай жоспарлауға, бағытты нақты айқындауға және қауіпсіз саяхат жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бастама экологиялық туризмді дамытуға, табиғи мұраны сақтауға және жергілікті тұрғындардың табысын арттыруға ықпал етеді.

Мамандардың айтуынша, "Алатау аманаты" жобасы тұрақты даму қағидаттарына негізделген. Ол халықаралық стандарттарға сай өңірдегі туризмді дамытудың кешенді тәсілінің үлгісі ретінде қарастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу