Алматы облысында 2 бала суару каналына батып кетті

788

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД, полиция басқармасы және жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері шақырылған. 

Алматы облысында 2 бала суару каналына батып кетті

Алматы облысында 6 және 8 жастағы екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 3 мамырда кешкі сағат 19.05-те кезекші байланыс пультіне Қарасай ауданы Жандосов ауылының шетінде орналасқан суару каналында екі бала батып кеткені туралы мәлімет түскен.

"Оқиға орнына келген туыстары ені 6 метр және тереңдігі 1,5 метр болатын суару каналынан 2014 жылғы қыздың және 2015 жылғы ұлдың денелерін алып шықты. Олар ересектердің қарауынсыз қалып, суару каналына құлап, батып кетті. Канал үйден 300 метр қашықтықта орналасқан", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу