banner

Алматы облысында 211 мың гектар жерде зиянкестерге қарсы жұмыс жүргізілді

879

Алматы облысында 211 мың гектар жерде зиянкестерге қарсы жұмыс жүргізілді

Биыл Алматы облысында 211 мың гектар жер шегірткеге қарсы дәріленеді.  Химиялық өңдеу жұмыстары 20 мамырда басталады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Осы ретте  зиянкестермен күрес  жұмыстарын жүргізетін үш мекеме тендер арқылы таңдалды.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіровтың төрағалығымен өткен семинарда шаруаларға кеңестер де берілді.

"Жаңадан шыққан дәрілер таныстырылды. Олардың малдарға кері әсері бар-жоғы айтылды. Барлығын үйрендік, көрдік. Жылдан-жылға жаңа дәрілер шығып жатыр.Былтыр сынап көрген химиялық затттардың  әсері жақсы болды", - дейді Балқаш ауданындағы ірі шаруа қожалығының төрағасы Нұрбол Жұмабек.

Семинарға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы, фитосанитарлық орталық пен аудандардың ауылшаруашылық бөлімдерінің басшылары мен мамандары қатысты. Мамандар көгергенді көктей солдырар зиянкестердің жаңа ошағы анықталған жағдайда, дер кезінде хабар беруді сұрап отыр.

Олар алдын алу жұмыстарына кірісуге дайын екендіктерін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу