Алматы облысында 27 елді мекенді су басуы мүмкін

455

Аймақтағы елді мекендерден 3 мыңнан астам текше метр қар шығарылды. 

Алматы облысында 27 елді мекенді су басуы мүмкін Фото: ТЖМ

Алматы облысында көктемгі су тасқынына әзірлік жұмыстары басталып кетті. Бұл туралы өңірілік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Дәурен Азаматов айтты, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Алматы облысында су басу қаупі бар 27 елді мекен бар. Оның 7-еуінде қауіп толығымен жойылып, 20 нысанда қауіп төмендетілді.

"Аймақтағы елді мекендерден 3 мыңнан астам текше метр қар шығарылды. 154,8 шақырым арық желілері, 48,2 шақырым канал, 87 бірлік автожол және 7 бірлік темір жол астындағы су өткізу және 27,2 шақырым су бұру каналдары қазылды", - деді Дәурен Азаматов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу