Өңірде аграрлық секторды жаңғырту бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
2023 жылы облыста 431 бірлік техника болса, 2024 жылы 437 бірлік техника сатып алынған.
Ауылшаруашылық тауарын өндірушілер техниканы "ҚазАгроФинанс" АҚ арқылы лизинг негізінде алған. Бұл тетік фермерлерге заманауи техниканы қолжетімді шарттармен алып, егіс науқандарын нәтижелі өткізуге жол ашып отыр.
Жаңа техниканы сатып алу өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы жұмыстардың сапасын жақсартуға, ауыл еңбеккерлерінің еңбегін жеңілдетуге және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға тың серпін береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу