Алматы облысында 56 млн теңгеге жуық автокөліктің VIP номерлері сатылды

1200

Алматы облысында 56 млн теңгеге жуық автокөліктің VIP номерлері сатылды

Биыл Алматы  облысында актокөліктердің VIP номеріне сұраныс жоғары болды. Жыл басынан бері 145 ақылы номер сатылған. Ең қымбат номердің құны 10 млн 500 мың теңге, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі  Айман Мырзекованың   айтуынша, халықтың сұранысына 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009 номерлері ие. Және 007 номерінің құны ең қымбат болып табылады. 10 млн 500 мың теңге тұрады. Алайда, Алматы облысында ақылы  номерге деген қызығушылық сәл де болса азайған. Мәселен биыл  55 млн 837 мыңға номер сатылса, былтыр бұл көрсеткіш екі есе жоғары болған. 341 номер сатылып, одан түскен қаржы 118 млн теңгеге жеткен. Айта кету керек, түскен қаржы мемлекет қазынасына құйылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу