Алматы облысында 6 жасар баланы қағып, қашып кеткен ер адам бұрынғы полиция қызметкері болып шықты

437

Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы облысында 6 жасар баланы қағып, қашып кеткен ер адам бұрынғы полиция қызметкері болып шықты Фото: Бейнежазбадан

Күдікті Көкөзек ауылында 6 жасар баланы қағып, ол ауруханаға жеткізілген. Ал өзі оқиға орнынан бой тасалаған.

Жедел іздестіру шаралары барысында Lexus RX 300 көлігінің 42 жастағы жүргізушісі ұсталды.

– Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған азамат полиция қызметкері емес, ол бұрын (апат болғанға дейін) теріс себептермен жұмыстан босатылған. Осы оқиға бойынша бірқатар тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады полициядан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу