Алматы облысында 611 лагерьдің жұмысы уақытша тоқтатылды

824

Алматы облысында 611 лагерьдің жұмысы уақытша тоқтатылды

Алматы облысында менингококк инфекциясының таралуының алдын алу үшін демалыс лагерьлері жұмысын тоқтатып, басталу уақыттары шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ерғали Сыдымановтың айтуынша, мектеп жанындағы 611 лагерь жұмысы 18 маусымға дейін тоқтатылды. Бірақ өңірде 4 балалар лагері жұмысын жалғастырып жатыр. Себебі бұл демалыс орындарына демалу ақысы төленіп, балалар өзге өңірлерден келіп қоныстанып қойған. Қазіргі таңда бұл жерлерде алдын алу жұмыстары жүргізіліп, бақылау күшейтілген.

Сондай-ақ облыс аумағында Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде де алдын алу шаралары пысықталып, сынақтардың кедергісіз өтуіне қолайлы жағдай жасалатын болады.  Дәрігерлер, қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары, жергілікті әкімдік өкілдері кезекшілік ұйымдастырып, қадағалау жүргізеді. Сондай-ақ ведомство басшысы ҰБТ кезінде ата-аналар мен түлектерге медициналық маска тағып алуға кеңес берді.

Айта кетейік, жыл басынан Алматы облысында менингиттен 4 адам көз жұмды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу