Білім беру саласының жаңа заман талабына сай дамуына жағдай жасау мақсатында Алматы облысында 6300-ден астам педагог біліктілігін арттыру курстарынан өткен. Бұл туралы бүгін мемлекет басшысы жолдауының орындалу барысы туралы өткен актив жиынында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мәлімдеді.
Баяндамашының айтуынша, 2017 жылы білім берудің жаңа жүйесімен тағы 800-ге жуық мұғалім, сол сияқты 1 мыңнан астам мектеп жаттықтырушысы мен 426 мектеп басшысы оқытылады деп жоспарланған.
Бұл оқушыyың сыни тұрғыда ойлау қабілетін ұштау мен ақпаратты өз бетінше іздеу машығын қалыптастыру бағытындағы жұмысқа, заманауи технология мен жаңалыққа жылдам бейімделуге ықпал етеді.
Жиында үш тілде оқыту, ауылды жердегі мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында оларды ынталандыру, маман жетіспеушілігі мәселесінің шешімін қарастыру және т.б. осы мазмұндас міндеттер кеңінен сөз болды.