Алматы облысында 8 жастағы ұл баланы зорлаған жасөспірімдер ұсталды

639

Қазір сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.  

Алматы облысында 8 жастағы ұл баланы зорлаған жасөспірімдер ұсталды Фото: gov.kz

Жамбыл ауданында 8 жасар баланы зорлады деген күдікпен жасөспірімдер ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

23 наурызда Жамбыл ауданының полиция бөліміне Қасымбек ауылының тұрғыны арызданды.

Оның айтуынша, сол күні сағат 16:00 шамасында 2015 жылғы кәмелетке толмаған ұлына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеті жасалған. Арызданушы туған баласын 2011 және 2008 жылғы жасөспірімдердің ауыл шетінде қорлағанын айтқан.

Бүгінде сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Аталған дерек бойынша оқиға қатысушыларының бірінің әкесіне, оқиғаның негізгі қатысушысы – 2011 жылғы кәмелетке толмаған жасөспірімге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы 3-бөлігі негізінде әкімшілік іс қозғалды.

Сондай-ақ 27 наурызда тиісті материалдар осы жасөспірімді мамандандырылған мектепке орналастыру туралы мәселені қарау үшін уәкілетті органға жіберілді.

ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу