Алматы облысында 90 итті асырап, оларға қамқорлық жасаған Владимир Тепляковтың өліміне байланысты күдікті ер адам ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ведомствоның мәліметінше, кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс 7 қазанда тіркелген. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталды.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ол қамауда. Тергеу аясында ұсталған адамның кісі өлтіру қылмысына қатысы бар-жоғы тексеріліп, қылмыстық істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтау үшін қажетті шаралар жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Полиция тергеу құпиясына байланысты күдіктінің жеке басы мен оны ұстауға қатысты өзге де мәліметтерді жарияламады.
Айта кетейі, 9 қазанда Алматы облысында "Dog House – Твардовский дом" жануарларға арналған жеке панажайының негізін қалаушы Владимир Тепляковты белгісіз біреу өлтіріп кетті.