Алматы облысында АЭС салынады

1420

Дегенмен АЭС құрылысы бойынша нақты шешім әлі қабылданбаған, тек қайда салынатыны белгіленген.

Алматы облысында АЭС салынады

Қазақстанда Алматы қаласынан үш жүз шақырымдай жердегі Үлкен ауылында атом электр станциясы салынады. Бұл туралы энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды sputniknews.kz.

"Біз осы мәселені әрі қарай зерттейміз, бірақ АЭС құрылысы бойынша нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Алматы облысында салатын болдық – Үлкен ауылындағы алаңқайда", – деді вице-министр Мырзағалиев.

Оның айтуынша, Қазақстанға ең қолайлы технологияның таңдап алу қажет. Айта кетсек, Үлкен ауылы Балқаш көлінде орналасқан.

3 сәуірде Мәскеу қаласында болған екі ел президенттерінің кездесуінде Владимир Путин Ресейдің Қазақстанда атом электр станциясын салуды ұсынатынын мәлімдеген болатын. Мырзағалиевтің айтуынша, Ресей мен Қазақстан ұзақ жылдар бойы ынтымақтасып келеді, уран өндіру бойынша ортақ жобалары бар.

Бұдан бұрын Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин "Росатом" компаниясы Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салады деп үміттенетінін айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу