Алматы облысында әйелдер колониясынан карантин алынды

721

Колонияда дезинфекция шаралары жүргізілді.  

 Алматы облысында әйелдер колониясынан карантин алынды

БүгінАлматы облысында Іле аудандық бас санитарлық дәрігердің қаулысымен ЛА 155/4 түзеу мекемесінен карантин режимі алынып тасталды, ​деп хабарлайды polisia.kz сайты.

Естеріңізге сала кетейік, аталған түрмеде жазасын өтеп жатқан аяғы ауыр 22 жастағы келіншектен коронавирус анықталған болатын.

"Әйел босануға дайындалып жүргендіктен, сондай-ақ тексерілуге бірнеше рет барған аудандық аурухана кейіннен карантинге жабылуына байланысты одан анализ бірнеше рет алынды. Кеше оған коронавирус инфекциясына талдау қайта жасалды. Ол теріс нәтиже көрсетті. Covid-19-ға тест сондай-ақ онымен байланыста болған жазасын өтеушілерге және мекеме қызметкерлеріне, жалпы 67 адамға жасалды. Барлығында нәтиже теріс болды", –​  делінген polisia.kz сайтында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, инфекция анықталғанға дейін аяғы ауыр келіншек түзеу мекемесінің медициналық бөлімінде өзге науқастардан оқшауландырылған. Онда коронавирус індетіне тән белгілер байқалмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу