Алматы облысында әлемдегі ең үлкен түйе керуені жүріп өтті

271

Алматы облысының Іле ауданы, Күрті ауылдық округінде тарихи оқиға болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы облысында әлемдегі ең үлкен түйе керуені жүріп өтті Фото: Алматы облысының әкімдігі

Мұнда 1 мың түйеден құралған керуен 1 шақырымды жүріп өтіп, Гиннес рекордын жаңартты.

Бұған дейінгі рекорд Қытайға тиесілі болатын, онда бар болғаны 365 түйе жүрген еді. Қазақстан бұл көрсеткішті үш есеге арттырды.

Шараны Алматы облысы әкімдігі қолдап, "Даулет-Бекет" компаниясы ұйымдастырды. Мақсат – ұлттық рухты көтеріп, көшпелі мәдениетті дәріптеу және туризмді дамыту.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы:

"Мың түйеден құралған бұл керуен – халқымыздың ұлы мұрасын әлемге паш еткен тарихи оқиға", – деді ол.

Гиннес рекордтар кітабының өкілі Ричард Стэннинг те:

"Мұндай ауқымды түйе керуенін алғаш рет көріп отырмын. Бұл – әлемдік қазына", – деп баға берді.

Бұл жетістік – Қазақстан мәдениеті мен туризмін жаңа деңгейге шығаратын маңызды қадам саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу