Қонаев қаласында алғаш рет ауқымды дрон-шоу өтеді

195

25 қазан – Республика күніне орай, Қонаев қаласының Орталық алаңында мерекелік шара болады.

Қонаев қаласында алғаш рет ауқымды дрон-шоу өтеді Фото: gov.kz

Кешкі бағдарлама сағат 17:00-де басталады. Ал қонақтар еліміздің танымал әншілері – Esko, Ray және Нұрсұлтан Нұрбердиевтің өнерін тамашалай алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шара аясында жүздеген дрон аспанға көтеріліп, жарық арқылы түрлі бейнелер мен композицияларды көрсетеді.

 "Республика күніне орай өңірде жүздеген мерекелік іс-шара ұйымдастырылып жатыр. Олардың қатарында бизнес қауымдастығының өкілдерімен кездесулер, жастарға арналған экскурсиялар, форумдар мен конференциялар бар. Ал 25 қазанда Қонаев қаласының Орталық алаңында күндізгі және кешкі концерттер өтіп, мерекенің шарықтау шегі ретінде ерекше дрон-шоу ұсынылады. Бұл іс-шара демеушілердің қолдауымен өткізіліп, тұрғындар мен қонақтарға тамаша сый болмақ", – делінген әкімдік хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу