Алматы облысында алғаш рет кендір дақылы егілді

92

Жобаны жергілікті шаруалар Қытай инвесторларымен бірлесіп іске асырып жатыр.  

Алматы облысында алғаш рет кендір дақылы егілді Фото: vsluh.ru

Райымбек ауданында өңірде алғаш рет кендір дақылын өсіру ісі қолға алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Былтыр жер жырту жұмыстары жүргізілсе, биылғы көктемде 250 гектар аумаққа аталған дақылдың тұқымы егілді. Егер жақсы өнім берсе, жер аумағын 3000 гектарға дейін кеңейтіп, терең өңдейтін зауыт салу жоспарда бар.

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев егістік алқабына арнайы барып, жұмыс барысымен танысты.

"Кендір көбіне еліміздің солтүстік өңірлерінде егіледі. Ал Алматы облысында бірінші рет тәжірибеден өтуде. Бұл – өте жақсы бастама. Себебі тұқым ауданның табиғи ерекшелігіне бейім екенін байқап отырмыз. Күзде жақсы өнім алынады деген ойдамыз. Оның үстіне алқапта заманауи технологиялар жұмыс істеп тұр. Бұл тек бастамасы ғана. Алдағы уақытта ауқымы бірнеше есе көбеюі мүмкін. Жобаға жалпы құны 4 млрд теңге инвестиция салынады. Ал әкімдік тарапынан тиісті қолдау көрсетілетін болады", – деді аймақ басшысы.

Мамандардың айтуынша, кендір – экологиялық таза, қайта өңдеуге бейім, адам денсаулығына пайдалы табиғи өнім. Оның тұқымынан май, косметикалық өнімдер мен мал азығы алынады. Ал сабағынан киім-кешек, тоқыма бұйымдары, қап және орау материалдары дайындалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу