Алматы облысында анасы мен қызын көлік қағып кетті

422

Анасы мен қызы оқиға орнында қайтыс болды. 

Алматы облысында анасы мен қызын көлік қағып кетті Фото: polisia.kz

Алматы облысының Полиция департаменті 20 қазанда Mercedes автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кеткені жайында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші "Алматы-Алатау" а/ж бойынша батыс бағытта 4 км жүріп, Тұздыбастау ауылының маңында басып озу маневрін жасап, рөлді басқара алмай, жол жиегінде тұрған 28 жастағы әйел мен оның қызын қағып кеткен. ЖКО салдарынан Алматы қаласының 28 жастағы тұрғыны мен оның қызы оқиға орнында қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу