Алматы облысына апатты жағдайда қонған Ан-2 ұшағына қатысты тексеру басталды

156

Көлік министрлігі авиациялық оқиға болғанын растады.  

Алматы облысына апатты жағдайда қонған Ан-2 ұшағына қатысты тексеру басталды Фото: Видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде тауға қонғаннан кейін зақымданған Ан-2 ұшағының видеосы таралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Еңбекшіқазақ ауданындағы Талдыбұлақ – Қаракемер аумағында болған. Видеодан ұшақтың тау баурайындағы ағаштар мен бұталардың арасына апатты жағдайда қонғанын көруге болады. 

Зардап шеккендер жоқ. Министрлік оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына департамент қызметкері жіберілгенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу