Қарасай ауданының прокуратурасы Алматы облысы білім басқармасының "Облыстық №3 арнайы мектеп-интернаты" КММ-де бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тексеру барысында мекеме директоры, оның орынбасары және бас бухгалтері іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарды жалған жұмысқа орналастырып, солардың атынан жалпы сомасы 5,8 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз иемденгені белгілі болды.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.
Сот үкімімен үш лауазымды тұлға кінәлі деп танылып, әртүрлі жазаға сотталды.
Прокуратура кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасатынын хабарлады.