Алматы облысында әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті

903

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия аттанды.      

Алматы облысында әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

25 шілдеде Алматы облысының ТЖД кезекші бөліміне үш экипаж мүшесі бар Қорғаныс министрлігінің тікұшағы Луговой елді мекенінен ұшып шығып, Отар аумағында байланысқа шықпай қалғаны туралы хабар түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына дереу ҚР ТЖМ-нің күштері мен құралдары, соның ішінде "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ұшқыштар – әскери әуе қорғаныс институтының түлектері әрі жоғары санаттағы мамандар.

"Бортта үш экипаж мүшесі болған. Бұл тікұшақ – ең жаңа үлгілердің бірі, EC-145. Тікұшақ радардан жай ғана жоғалып кетті, қазір біз оны іздеп жатырмыз", – деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу