Алматы облысында астықтың үштен бір бөлігі орылды

926

Облыс бойынша масақты дәнді-дақылдар көлемі жарты миллион гектарға жуық жерді алып жатыр.

Алматы облысында астықтың үштен бір бөлігі орылды

Алматы облысында жиын-терім науқаны қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды "Хабар 24".

Қазір жетісулық диқандар астықтың үштен бір бөлігін орып үлгерді. Сарқан ауданының шаруалары жаздық арпаның әр гектарынан 50 центнерден өнім алып отыр. Мұндай көрсеткіш шаруашылыққа жаңа технологияларды енгізудің арқасында мүмкін болды.

Сарқанда биыл 3 мың гектар алқапқа дәнді-дақыл егілген. Ал облыс бойынша масақты дәнді-дақылдар көлемі жарты миллион гектарға жуық жерді алып жатыр.

"Егіс көлемі биыл Алматы облысы бойынша 962 мың гектарды құрайды. Оның ішінде масақты дәнді-дақылдар 451 100 га егілді. Қазіргі таңда 100 мыңнан астам гектарда жинау науқандары жүріп жатыр",– дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Есім Айтуов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу