Алматы облысында балшыққа батып қалған қойлар құтқарылды

504

Шаруа қожалығының басшысы қойларды құтқару операциясының  қатысушыларына көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді. 

Алматы облысында балшыққа батып қалған қойлар құтқарылды Фото: gov.kz

18 наурызда Шылбастау станциясының маңында ашық жерде екі мыңға жуық қой балшыққа батып қалғаны туралы хабарланды. Түнде шаруа қожалығының қызметкерлері қойларды балшықтан шығара алмағандықтан, таңертең құтқарушылардан көмек сұрады.

ТЖ департаменті мен жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің, ауылдық округтегі басқа мүдделі ұйымдардың, шаруа қожалығының күшімен және Бақтерек, Бектас және Шылбастау ауылдарының тұрғындарымен балшықта қалған ұсақ малды (қойларды) құтқару бойынша құтқару жұмыстары ұйымдастырылды.

Жалпы күш-жігермен бір мың тоғыз жүз сексен бір бас ұсақ мал ашық құрғақ жерге жіберілді, он тоғыз қойды  құтқаруға мүмкіндік болмады. Құтқару операциясына қатысушылар Ақтерек ауылдық округінің әкімдігі жеткізген бір машина  шөпті балшықтың үстіне төсеп,  қойларды аман алып  шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу