Алматы облысында білім бөлімінің басшысы 680 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

15226

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Алматы облысында білім бөлімінің басшысы 680 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді Фото: gov.kz

Алматы облысы Іле ауданы білім бөлімінің басшысы жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы облысы Іле ауданының білім бөлімі" ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

"Ол Іле ауданының орта мектептерінде іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға адамдар тобымен алдын ала сөз байласу бойынша жалақы аудару арқылы 680 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікті.

Сонымен қатар, ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, өзінің жүргізушісін мектеп-гимназияға кәсіби бағдаршы лауазымына жалған жұмысқа орналастырып, оған заңсыз жалпы сомасы 4.9 млн теңге жалақы төлеген", - делінген Антикор хабарламасында.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу