Райымбек ауданы Сарыбастау ауылында бір отбасының 4 мүшесі қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Телеарна таратқан мәліметтерге сүйенсек, 1955, 1974 жылғы ер адамдар мен 1984 жылғы әйел кісі, сондай-ақ 2024 жылғы кішкентай бала тіл тартпай кеткен.
Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиға ыстан улану салдарынан болуы мүмкін. Пеш уақытылы тазартылмаған.
Бүтін бір отбасы мал шаруашылығымен айналысқан. Марқұмдардың үйі ауылдың іргесіндегі 5 шақырым жерде орналасқан екен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу