Алматы облысында бірнеше ауылдың атауы өзгереді

1562

Тиісті қаулыны Алматы облысының әкімі шығарды. 

Алматы облысында бірнеше ауылдың атауы өзгереді Фото: пятый регион

Алматы облысында бірнеше ауыл мен ауылдық округтердің атауын өзгерту мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іле, Талғар, Кеген аудандарындағы ауылдардың атауын өзгерту туралы шешімді мәслихат қабылдады. Тиісті қаулыны Алматы облысының әкімі шығарды.

Іле ауданы:

  • Энергетик ауылдық округі – Өтеген батыр ауылдық округі;
  • Покровка ауылы – Кенен Әзірбаев ауылы;
  • Чапаев ауылдық округі және Чапаево ауылы – Байкент ауылдық округі және Байкент ауылы;
  • Междуреченск ауылдық округі және Междуреченск ауылы – Ақсай ауылдық округі және Ақсай ауылы;
  • ҚазЦИК ауылдық округінің Комсомол ауылы – КазЦИК ауылдық округінің Жайнақ ауылы;
  • ҚазЦИК ауылдық округі мен ҚазЦИК ауылы – Асқар Тоқпанов ауылдық округі және Асқар Тоқпанов ауылы.

Кеген ауданында Жалаңаш ауылдық округі және Жалаңаш ауылы Жалағаш ауылдық округі және Жалағаш ауылы болып өзгертіледі

Сондай-ақ Талғар ауданы Панфилов ауылдық округіндегі Қызыл-Ту-4 ауылының атауы Жібек жолы ауылы болып өзгереді.

Алматы облыстық мәслихатының бірлескен шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң, яғни 2024 жылдың 24 ақпанынан бастап қолданысқа енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу