Алматы облысында дәрігерлер ер адамның ішегінен 19 шеге алып шықты

547

Операцияны Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасының хирург-дәрігерлері жүргізді.  

Алматы облысында дәрігерлер ер адамның ішегінен 19 шеге алып шықты Фото: Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Шизофрениямен ауыратын 39 жастағы ер адамның аш ішегінен 10 см-ге дейін барлығы 19 шеге алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Хирургиялық бөлімше меңгерушісі, жоғары санатты хирург Марат Әбжановтың айтуынша, мұндай жағдайлардың диагностикасы рентгенографиялық бейнелеуге негізделген. Емдеу кезінде күту тактикасы қолданылуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда шұғыл хирургиялық араласу қажет болды. Бұл жағдайда пациенттің кеш емделуі ескерілді. Сонымен қатар, ол өлімге әкелуі мүмкін айқын перитонит клиникасын көрсетті.

Пациент бірінші рет дәрігерлерге 2022 жылдың 12 қыркүйегінде – оқиғадан кейінгі үшінші күні ғана жүгінген. Оның айтуынша, ол өз-өзіне қол жұмсау үшін шеге жұтқан.

Ұзындығы 10 см болатын 14 шегені алып тастаған. Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өткен. 

Бірақ, 1 ақпанда ол қайтадан перитонит клиникасымен Қарасай ауданының ауруханасына жүгінеді. Бұл жолы ол бес шегені жұтып үлгерген. Сонымен қатар, ол болған оқиғадан кейін төртінші күні ғана медициналық көмекке жүгінді. Науқасқа шұғыл түрде тағы да операция жасалды. Қазір ол өзін жақсы сезінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу