Алматы облысында дрондар 400-ге жуық жол ережесін бұзу дерегін анықтады

186

Ең жиі тіркелген құқық бұзушылықтардың қатарында қарсы бағыттағы жолаққа шығу деректері бар.

Алматы облысында дрондар 400-ге жуық жол ережесін бұзу дерегін анықтады Фото: Бейнежазбадан

Алматы облысында жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында ұшқышсыз ұшу аппараттары пайдаланылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен жол ережесін бұзудың 376 дерегі анықталған. 

Ең жиі тіркелген құқық бұзушылықтардың қатарында қарсы бағыттағы жолаққа шығу, қиылыстардан өту қағидаларын бұзу, жол белгілері мен таңбаларының талаптарын сақтамау, көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою қағидаларын бұзу, сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен өзге де жол қозғалысына қатысушылардың жол жүру қағидаларын бұзуы бар. 

– Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану жол-көлік оқиғалары жиі болатын учаскелерде құқық бұзушылықтарды анықтауға, объективті бақылауды қамтамасыз етуге және жүргізушілердің қауіпті әрекеттеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады, өйткені басты міндет – жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, апаттылықтың алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау, – деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу