Алматы облысында ер адам темір жолдарды белгіленбеген жерден кесіп өтті

434

Онымен қоса жүк пойызына тас лақтырды. 

Алматы облысында ер адам темір жолдарды белгіленбеген жерден кесіп өтті Фото: newtimes.kz

13 мамыр күні Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасына жүк пойызының машинисі темір жолда адамның болуына байланысты шұғыл тежеу қолданып, осылайша адамды қағып кетудің алдын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Пойыздың тұрағы 7 минутты құрады.

Сонымен қатар құқықбұзушы Шамалған станциясының өткелінен өтіп бара жатып жүк пойызына тас лақтырып, кейін қашып кеткен.

Алматы облысының 34 жастағы тұрғыны анықталды.

ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы 5-бөлігі мен 434-бабы 1-бөлігі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды. Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін Алматы облысы Қарасай аудандық сотына жолданды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу